17 сәуір күні «Ұлттық кеңістіктік деректер қоры» филиалы «Алматыгеодезия» және «Республикалық картография фабрикасы» филиалдарымен бірлесіп Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті.
Наурыз – көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын білдіретін, күн мен түннің теңелуіне сәйкес келетін, көне заманнан келе жатқан әрі кеңінен тойланатын мереке. Бұл – табиғаттың оянып, тіршіліктің жаңғыратын кезеңі, татулық пен молшылықтың, бейбітшілік пен бірліктің символы.
Филиал қызметкерлері мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Іс-шара ұлттық тағамдар, дәстүрлі ойындар, ұлттық киімдер мен жылы қарым-қатынастарға толы болды. Бұл тек мәдени дәстүрлерге құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ұжым ішіндегі бірлікті нығайтудың және достықты арттырудың тамаша мүмкіндігі болды.